12
март
2020
Питание
2020 жылдың қаңтар айынан бастап №139 орта мектебінің асханасынан «Жалпыға міндетті оқу» қоры есебінен екі ауысым бойынша АӘК алатын 41 бала және тұрмысы төмен отбасынан шыққан 38 бала, жалпы 79 бала ыстық тамақпен қамтылуда. Қазіргі таңда І ауысым бойынша 34 бала, ІІ ауысым бойынша 45 бала ыстық тамақ ішуде.
2020 оқу жылының 4 ақпан күні тамақтандырудың сапасына бақылау жүргізілді. Мектеп асханасына тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына және дайын тағамдардың сақтау мерзімдерімен жағдайларының сақталуына, асхана тазалығына зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оқушыларды тіркеу журналдары уақытылы толтырылған. Медбике Б.Есетова күн сайын дайын тағамның сапасына бақылау жүргізіп, оны бракераж журналына тіркеген. Барлық тағам өнімдерінің сертификаттары бар. Бір күндік ас мәзірінде жарма салынған көже, балғын көкөніс салаты, домқуырдағы, итмұрын жемісінен кисель, балғын жеміс, қара бидай наны. Зерттеу жүргізілген 4 ақпан күні берілген тамақ ас мәзіріне сәйкес келеді.
Мектебіміздің оқушыларын ыстық тамақ пен қамтып отырған ЖШС "Аружан Компания Сервис" директоры Б.Адырбековаға алғыс білдіреміз.